Нұр-Сұлтанда құрбандық шалу орындары белгіленді

8 Шілде 2022, 10:41 2622

Қала мешіттерінде 9 шілде күні таңғы сағат 7.00-де Айт намазы оқылады

Нұр-Сұлтандағы мешіттерде 9 шілдеде таңғы айт намазы оқылады, – деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген орындарында құрбандық шалу таңғы сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Қала мешіттерінде 9 шілде күні таңғы сағат 7.00-де Айт намазы оқылады.

Нұр-Сұлтанда құрбандық шалуға болатын жеті орын белгіленген:

Байқоңыр ауданында:

«Жайлау» базары, Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;

«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы 34/6 ("Көк базар" арты);

«Шопан ата» базары («Рубик» және «Әмір» базарларының арасы);

«Баракат» базары, А 369 көшесі, № 10 ғимарат;

«Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;

«Темеш» шаруа қожалығы, айналма жол 229, 1а.

Сарыарқа ауданында:

«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев даңғылы, 24.

Құрбандыққа шалынған мал еті көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Құрбан айт мерекесінде «109» Call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасап, халықты құрбан шалу және басқа да өзекті мәселелер жөнінде ақпараттандады.

Бөлісу: