Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

12 Қыркүйек 2022, 09:28 1182

Олардың  қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады. Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу: