Елорда полициясы ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді

21 Шілде 2022, 18:31 2931

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлайды

Елордалық полиция жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, – деп хабаралайды El.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің 24 фактісі тіркеліп, 3 бала қаза тапты.

Әдетте, құлап кетудің барлық жағдайларында балалар өздігінен терезе алдына шығып, тірек ретінде әртүрлі жиһаздарды пайдаланып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кеткен. Сонымен қатар, балалардың құлап кетуінің басым көпшілігі ересектердің балалардың мінез-құлқын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде блокаторлардың болмауынан және балаларға терезе алдына өздігінен шығуға мүмкіндік беретін жиһаздардың дұрыс орналастырылмауынан орын алады. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мұндай фактілердің алдын алу мақсатында белгілі бір ережелер мен ұсыныстарды сақтау керектігін ескертеді:

Бөлісу: