Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ұрлықтың үш эпизодына қатысты күдіктіні ұстады

6 Шілде 2022, 15:01 1874

Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері ұрлықтың үш эпизодына қатысты күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды El.kz порталы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Күлтөбе көшесіндегі жатақханадан белгісіз біреу оның жеке заттары мен ақша қаражаты бар рюкзагын ұрлап кеткенін айтқан.

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және қылмыс жасалған жерде периметрде орнатылған бейнебақылау камераларын қарау барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған адамның тағы екі ұрлық фактісіне қатысы барын анықтады. Түнгі уақытта қаскүнем Уәлиханов көшесіндегі қонақүйде бола тұрып, құны 225 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Сондай-ақ, күдіктінің елорда тұрғынының «Орро А5» маркалы ұялы телефоны ұрлануына қатысы бар екені анықталды.Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу: