Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына жарылғыш зат қойылғаны жайлы жалған хабар тарады

28 Шілде 2022, 12:37 1310

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, – деп хабарлайды El.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді, – делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.

Осы орайда аталған ведомство бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Бөлісу: