Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағыты бойынша рейс саны көбейеді

25 Шілде 2022, 11:38 2022

Аталған бағытта аптасына 3-тен 7 рейске дейін болады

Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштеріне, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Авиация комитеті «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясымен жұмыс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады.

Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда

Бөлісу: