Нұр-Сұлтан қаласы Достық үйінде арнайы құрылған штаб "Арыс, біз біргеміз!" акциясына байланысты жиналған азық-түлік, тұрмыстық заттар және киім-кешектер мен төсек-орындарды Түркістан облысының 40 тонналық арнайы жүк көлігіне тиеп жөнелтті.
Бұл қайырылымдылық іске Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық 23 этномәдени бірлестіктері және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, сондай-ақ Әзірет Сұлтан мешіті ат салысуда.