«Нұр-Ана әлемі» ҚБ басшысының мерейтойы

14 Сәуір 2018, 03:26 2128

14 сәуір күні Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Нұр-Ана әлемі» бірлестігінің және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жаныңдағы Аналар кеңесінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызының 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты кеш өтті.

Дүбірлі думанға мерейтой иесінің туысқандары мен достары, әріптестері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, білім беру саласы мен билікөкілдері және ҚХА мүшелері қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі Бақытжамал Шаханқызының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильммен ашылды.Бақытжамал Шаханқызы Павлодар облысында дүниеге келген, Семей қаласындағы педагогикалық институтты бітірген соң,  40 жылдан астам уақыт бойы білім саласында қызмет атқарды.Өмірінің 20 жылынжетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнады. Қол қусырып отыруды жөн санамаған ару-ана зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып, облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып жұмыс атқаруда.

Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев ұйымдастырылған мерейтой үшін Бақытжамал Шаханқызының оқушылары мен балаларына алғысын білдіріпмерейтой иесіне облыс әкімінің атынан алғыс хатты тапсырды.

«Сіз өміріңізді ұрпаққа білім беріуге арнадыңыз.Қазіргі таңда да жастарымыз сізідің қолдарыңызда тәрбиеленіп келеді. Ал еліміздің өркендеп дамуы оларға тікелей байланысты», - деді Мейрам Бегентаев.

Игі тілектерге Бақытжамал Шаханқызыныңең жақын адамдары, туыстары мен әріптестері де қосылды. Кеш облыстық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысуымен өткен шығармашылық бағдарламамен жалғасты.

 

Бөлісу: