Н.Коншиннің шежіресі

26 Мамыр 2014, 08:37

Николай Коншин 1864 жылы Тверь қаласында туылған.

Николай Коншин 1864 жылы Тверь қаласында туылған. 1884 жылы 20 жасында Мәскеу университетінің медицина факультетінде оқып жүріп, жанжалға қатысы бар деп оқудан қуылады. Содан ол өзінің туған қаласы Тверьге қайта кетеді.Одан кейінгі жылдарда да жанжалға жиі араласып, Ярославль қаласында оқып жүрген жерінен қамауға алынады. 1886 жылдан бастап Ярославль, Мәскеу және Павлодар қалаларында қамауда болып, одан кейін үш жарым жылға Семей облысына жіберіледі (нақтырақ Зайсанға). Осы кезде Н.Коншин «Семипалатинский листок» газетінде жұмыс істеп жүріп Ресей географиялық қоғамын құрады. 1902 жылы аталмыш қоғамның ресми ашылу болып, 1904 жылы өзі құрған Ресей географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады.

Семей облысына келген күннен бастап Н.Коншин қазақтардың тарихымен түбегейлі танысуға бел буады. 1998 жылы Өскемен уезін аралап, әртүрлі деректер мен қазақ ұлтының тұрмысы мен тарихын зерделейді. Әртүрлі жерлерді аралап, түрлі очерктері жарияланады. 1901 жылы осы тақырыпта «Семей облысындағы қырғыздардың экономикалық қуаты мен тұрмысы» атты көлемді очерк жазады. Бұл 1998 жылдан бергі жиналған еңбектердің жемісі еді.

Н.Коншин осы тақырыпты індетіп жазу үшін Қазақстанда ұзақ қалуға кіріседі. Бірнеше жыл бойы «Памятных книжек Семипалатинской области» атты басылымның редакторы болып істеді. Облыстық статистикалық комитеттің хатшысы, Ресей географиялық қоғамының ісін жүргізуші деген сияқты бірнеше лауазымдарды қатар алып жүреді. Сондай-ақ, қазақ тарихы туралы зерттеулерін де тоқтатпайды.

Н.Коншин Қазақстанда жүріп, шығармашылық еркіндікке қол жеткізеді. Атақты жазушы Ф.М.Достоевскийдің өмірбаянын жазып шығады. Және, бүгінде көпшілік оқырман Достоевский туралы деректердің көбімен осы Н.Коншиннің жазбалары арқылы таныс.

І. Тәуке – Сәмеке – Есім – Жәңгір, Солтанбет.

Жәңгір – Абылай (Қанішер) – Уәли – Абылай – Шыңғыс.

Солтанбет – Орыс – Тәтен – Қанқожа – Арғынғазы.

 

ІІ. Есім – Жәңгір – Тәуке – Болат – Әбілмәмбет, Сәмеке.

Әбілмәмбет – Әбілпейіс, Болат.

Әбілпейіс – Жошы, Бопы.

Жошы – Сарт, Уәли, Қалифан, Әлікен, Тұрсын.

Бопы – Солтыбай – Барақ, Абылай, Сейілған (Семей уезінің сұлтаны).

Болат – Сәтемір – Құдайменде – Әкім (Қарқаралы уезінің сұлтаны).

Сәмеке – Құдайменде – Қоңырқұлжа – Бигелді – Жәңгір.

 

ІІІ. Ондан – Қойнар – Күшік – Бөкей – Құдайменде – Тұрсын – Барақ – Күшік – Сығай, Дайыр, Ханбаба, Бөкей, Маман, Ханқожа.

Географиялық қоғамның кітабы, 1902 жыл.

 

Бөлісу: