Ән барлығын біріктіреді...

25 Қаңтар 2018, 11:17 1721

Щучинск қаласының Мәдениет үйінде, Щучинск бөлімінің бірінші атаманы  Юрий Хомуллоны еске алуға арналған концерт өтті. 1989 жылдың мамыр айында Юрий Кузьмичтің бастамасы және тікелей қатысуымен өңірдегі бірінші казак ұйымы – Щучинскілік казактар көшбасшылар ұйымы құрылды. Аталмыш ұйымның сол алғашқы отырысында Юрий Кузьмич атаман сайланып, оны 2012 жылға дейін үзіліссіз басқарды. 2012 жылы ардагерлер кеңесін басқаруды қолына алғанына қарамастан  Юрий Кузьмич өз ұйымының жұмысына да тығыз араласып өмір сүрген жан.   Ұйым мүшелері он сегіз жылдан астам уақыт  бойы ұйым төрағасы болған оның, нағыз казак образын қалыптастыра білгенін айтып еске алады. Өзіне ақыл-кеңес сұрай барған адамның мәселесін әрдайым соңына дейін тыңдап, мәнді де мағыналы, салмақты  кеңесін беруден еш шаршаған емес.

Концерт барысында көрермендер алдында Көкшетау қ. «Хуторок» ансамблі,  Щучинск қаласының әншілері және Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Таврия ауданынан арнайы келген «Родники»  ансамблі сияқты ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Жақсы вокал мен әуезді әндерді тыңдаушылар үлкен қошеметпен қарсы алып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Геннадий Осиненко Ресейден келген қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, концертке жиналған барша қауымға бейбітшілік, жақсылық пен мол табыс тіледі.

Щучинск казактарының концерті – әсем әннің адамдарға қуаныш сыйлап, шыбыттандырып, күш беретін ерекше құдіретінің бар екеніне тағы бір дәлел болды.

Бөлісу: