Н.А.Подорожный және А.Х.Рой

3 Қыркүйек 2014, 13:30

Подорожный Николай Алексеевич 1924 жылғы желтоқсанда Петропавл қаласында туған.

Подорожный Николай Алексеевич 1924 жылғы желтоқсанда  Петропавл  қаласында  туған.Майданның алғашқы күнiнен­ақ Николай Подорожныйды барлаушылық баурай бердi. Бiрақ ол бiрден барлаушы болмады. Бұл арманы ысылған жауынгер болғанда ғана жүзеге асты. Орел, Брянск, Коростень... Подорожныйдың жорық жолдары жеңiл болған жоқ.

«1943 жылдың жазы аса аптап болды, – деп еске алады Николай. – Әйгiлi Курск иiнiндегi шайқас болар алды. Бiздiң дивизия Орал бағытында қорғаныста тұрды. Бiздiң батареяның бақылау пунктi белгiсiз бiр төбенiң басында едi. Бiз, барлаушылар, екi қатар бөрене жабылған жертөледемiз. Жаудың бiрiншi оры жатаған төбелердiң етегiн орап жатыр. Ордың бергi жағында биiк сым қоршау тартылған. Айнала жыралармен  жырымдалған,  ойдым­ойдым  ормандар  жаудың көз тасаланып жылжуына қолайлы­ақ. Бiз немiстер шабуылға шығады­ау деп түйгенбiз. Бiрақ нақ қай уақытта бас­ тайтынын бiлмеймiз. Мен батарея комсоргiмiн. Дивизион комсоргi лейтенант Шарохин менi шақырып алып жағдайдың қолайсыздығын айтты. Көршi дивизияға немiс саперi қолға түсiптi. Оның айтуынша, фашистер 5 шiлде күнгi таңсәріде шабуылға шықпақ екен.

Олар шабуылды Курск төбесiнiң түстiк және терiскей тұсында бастады. Шiлденің 8­i күні мен түні кескiлескен ұрыстың жалыны лаулап жатты. Бiрақ бiздің тұсымызда тыныш болды. Тек 11 шiлдеде орман, төбелер мен сайлардың сұлбасы бiлiне сәуле шашылғанда артиллерия оқ жаудырды. Жер тiтiркенедi. Реактивтi қондырғылар мен мыңдаған қарулардың гүрсiлдеген үндерi айналаны жаңғыртып, құлақ тұндырады. Шабуыл белгiсi берiлiсiмен бiздiң жаяу әскерлер алға лап бердi. Бiздiң алғы шептiң орларында жан қалмады. Екi сағаттан соң дұшпанның қорғанысы бұзылды.

Бiрде полк командирі барлаушыларға «тiл» әкелудi тапсырады. Түн iшiнде су ағатын жырамен бұқпантайлаған жетi барлаушы көзге түспестен жаудың ту сыртынан шықты. Бiрақ олардың жолы болмайды. Таң атқанда олар орман алқабында тұрған үйдi көрдi. Жанында сақшы тұр. «Көзiн жою керек!» – дедi командир. Бiрақ сарайдың тасасынан тағы екi фашист шыға келдi. Терезеден оқ атылды. Атыс басталып кетiп, бiздiң екi барлаушы жараланды. Үйде немiс қалмады. Бiрақ усадьбаға тағы да немістер келiп қалды. Барлаушылардың кейiн шегiнетiн жолы жабылып қалды. 150 гитлерші усадьбаны қоршап алып, бiздiң барлаушылар паналап атысып жатқан сарайды өртеп жiбердi. Өлген жерi осы едi. Бiрақ өжет барлаушылар берiлмедi. Фашистердi гранатамен құртып, қамаудан сытылып шықты». Осы ерлiгi үшiн Подорожный ІІІ дәрежелi Даңқ орденiне ұсынылып, оны армияның офицерлер курсына оқуға жiбердi.

Одер өзенінен өту кезiнде көрсеткен өжеттiгi мен ерлiгi үшiн Николай Алексеевич Подорожныйға КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1945 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Ол соғыс жылдарында 18 мәрте үкiмет марапатына ие болды.

Николай Алексеевич соғысты Эльбада тәмамдады. Соғыстан соң да барлаушы алғы шепте болып, Отанның қасиеттi шекарасын қорғады. Өзiнiң бай тәжiрибесiн жас шекарашыларға дарытты. Кейiн әскерден босанып, Махачкалаға келiп, Дағыстан университетiнде оқыды, ұстаздық еттi.

 Рой Алексей Хрисанфович 1922 жылы 12 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Гаршино селосында туған. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен қатысқан.

Украина майданындағы 46­армияның барлау ротасындағы взвод командирінің көмекшісі гвардия старшинасы А.Х. Рой Дьер (Венгрия) қаласы үшін болған шайқаста ерекше көзге түсті.

1945 жылдың 28 наурызында ол жау жағына өтіп кетіп, гранаталармен олардың бекіністерін жойды. Барлау тобының құрамында жауынгерлермен бірге 20 гитлершілерді тұтқынға алды. Басқа да ерліктері белгілі.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен Алексей Хрисанфович Ройға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысынан кейін ол Ростов облысындағы Ақсай қаласында тұрды. Шыны жасау зауытында бөлім бас­ қарушысы болып істеді. Ленин, 2 рет 1­дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: