«Мызғымас бауырластық-2024» жаттығуы өтеді

27 Маусым, 19:19 721

 ҚР қарулы күштері «Мызғымас бауырластық-2024» бітімгерлік күштерді командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындау жөніндегі екінші штабтық келіссөздер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мүдделі ведомстволар өкілдері, Біріккен штаб офицерлерінің тобы және ҰҚШҰ хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында осы жылдың қыркүйек айында Алматы облысының "Жағалау" полигонында өтетін оқу-жаттығу аумағына барлау жүргізілді.

Тараптар оқу-жаттығудың идеясын, ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштеріне бөлінетін бірлескен қолбасшылық пен ұлттық контингенттердің құрамдарын, практикалық іс-қимылдардың тәртібі мәселелерін қарап, келісті. Келіссөздердің қорытындысы бойынша делегация басшылары тиісті хаттамаға қол қойды, - деп жазды министрлік.

Естеріңізге сала кетсек, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингенттеріне арнайы дайындалған әскер, полиция және азаматтық персонал, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер бөлетін күш-құралдар кіреді. Олардың жалпы саны 4000-ға жетіп жығылады.

Бұл оқу-жаттығу ҰҚШҰ әскерлерінің топтарын басқару органдары лауазымды тұлғаларының тәжірибелерін арттыру және ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрамаларының, күш-құралдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында өткізіледі, - дейді министрлік.

Перизат Саденова
Бөлісу: