Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құрамаларын бірлесіп даярлаудың 2023 жылғы 6-13 қазан аралығындағы кезеңге арналған жоспарына сәйкес Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында (Балықшы қ.) "Мызғымас бауырластық-2023" Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлескен оқу-жаттығу жоспарланған.
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.