Мысырда туристер мінген автобус аударылып, үш адам көз жұмды

31 Шілде 2023, 01:11 681

Египеттің солтүстігіндегі Матрух провинциясының жағалауындағы тас жолда туристер автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синьхуа таратқан мәліметке бойынша, жол апаты салдарынан 37 адам жарақат алған.   

Жол апаты таңертең Эль-Дабаа қаласының маңындағы Матрух-Александрия халықаралық жағалауы жолында болды. Зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізу үшін дереу 10 жедел жәрдем жіберілді, - делінген Матрух провинциясының мәлімдемесінде.

Берік Арманов
Бөлісу: