Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Ұлы тарихи тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, таяу күндері қазақстандық делегация «аз-Захир Бейбарыс» мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысырға аттанады.
4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл біздің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері үшін өнерлерін паш етуге үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді талқыладық, – деді министр Асхат Оралов.