Мысыр Астана халықаралық форумына қатысуға қызығушылық танытты

6 Қаңтар, 07:39 1297

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Инвестициялар және еркін экономикалық аймақтар жөніндегі бас басқармасының (General Authority for Investment and Free Zones, GAFI) президенті Хоссам Хейбамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық мәселелерді, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде 2021 жылғы 7 ақпанда қол қойылған «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Инвестициялар және еркін экономикалық аймақтар жөніндегі бас агенттік арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін одан әрі іске асыруын талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Хоссам Хейбаны 2024 жылғы 13-14 маусымда Қазақстанда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Сондай-ақ Хоссам Хейба осы қазақстандық форумға мысырлық басқа да ірі компанияларды шақыруға қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.

Мысырдың Инвестициялар және еркін экономикалық аймақтар жөніндегі бас басқармасы – Мысырға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, жеңілдетілген, стандартталған және бизнеске қолайлы орта және инвестициялық саясат шеңберінде қызметтерді жақсарту мәселелерімен айналысады.

Перизат Саденова
Бөлісу: