«Мысықты қатты уайымдайды». Айнұр Тұрсынбаева өзінен кейінгі бауырларының құпиясын бөлісті

22 Қаңтар, 18:33 1531

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына бауырларын көрсетіп, қызықты оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, сіңлісі Ардақ мысықты ерекше жақсы көреді.

Мынау – менің інім Дархан мен сіңлім Ардақ. Өткенде Алматыда компаниямыздың ашылуын жасайын деп жатсақ, Ардақ: “Таразға кете берсем бола ма, бүгін Тамила туатын еді", – дейді. Тамила деген көршісі ма, көмекшісі ма біреу екен деп қалдым басында. Сөйтсем мысығы екен ғой. “Әй, туса туады да, оған неменеге барасың?" десем, ренжіп қалды. "Өміріндегі маңызды сәтте қасында бола алмағаныма жылағым келіп тұр" дейді. Содан мысық туралы 2 сағат әңгіме айтты.

Бауырларының "Мысыққа бірдеңе боп қала ма" деп қатты уайымдайтындарын жасырмады.

“Ардақ кішкене қуайын деген бе?” деп күмәнданып та қалдым арасында. "Батыр сені мысықтан қызғанбай ма?" деппін. Сөйтсем Батырда да тура сондай махаббат екен. Алдында Тамиласы ауырып қалыпты. Оны мысықтардың ауруханасына жатқызыпты. Сөйтіп Батыр екеуміз күнде ауруханаға барып жағдайын сұрап тұрдық дейді... "Әй ол Тамила сендердің келгендеріңді біле ме сонда," десем," әрине біледі, бізді қимай "кетпеңдерші" деп жылайды дейді. Үй жануарларына деген махаббаты ерекше. Кейде “осы сен менің жағдайыма сөйтіп алаңдамайсың ғой" деп айтайын дедім де, тағы бәлеге қалармын деп үндемедім... Әлгі жерде өзімді бір қатігез, оңбаған адам сезініп кеттім. Сіздерде мысық бар ма?, - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаева енесіне қалай қызмет ететінін көрсеткен еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: