23 Ақпан 2016, 11:11
Музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленуге болады. Әдемі әуен таңда сізді оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуге көмектеседі. Музыка – тілге бөлінбейді. Қандай музыка болса да сіз сүйсініп тыңдайтын әуен жаныңызды жадыратып, миыңызды демалтады. Ғалымдар музыканың адам ағзасына біз ойлағаннан да анағұрлым пайдалы екенін анықтады.
Бәлкім әр адамда өмірінің түрлі кезеңінде, көңіл-күйінің өзгерісіне қарай сүйсініп тыңдайтын музыкалық композициясы бар шығар. Түрлі стильдегі музыканы әр адам қалауына сай қабылдайды: мәселен біреулер үшін классика жанрындағы әуен жанына жақын болса, енді бір адамдар ауыр рок түріндегі аккордтарды тыңдағанды ұнатады. Түрлі жанрдағы музыка адамның психологиялық сондай-ақ физиологиялық болмысына немесе жағдайына белгілі бір әсерін тигізетіні ғылымда дәлелденген құбылыс.
Түрлі стильдегі әуендер адамның денсаулығына әртүрлі әсер қалдырып, эмоция сыйлайды. Ең әуелі музыка адамның психоэмоционалды күйіне қатты әсер етеді. Егер әуен адамның психоэмоционалды күйіне сәйкес келіп, гармониялық әсерге бөлейтін болса, онда жақсы әсер еткені. Ал, егер гармония жоқ болса адамның денсаулығы үшін пайдасыз деген сөз.
Музыканы қабылдаудың келесі бір факторы – ұлттық-мәдени құндылығында. Мәселен еуропалық шығыс әуенін тыңдаса өзін сондай жайлы сезіне қоймасы анық. Жан-дүниесі қаламайтын әуенді мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт тыңдайтын болса психикасы бұзылуы мүмкін.
Дегенмен де музыканың адамның ағзасына тигізер пайдасы мол екені дәлелденген. Мамандар музыканың тек стильі немесе ритмі мен әуезінен тыс туындының қай аспапта орындалғаны да маңызды екенін айтады. Әрбір музыкалық аспаптың әуені адам организіміндегі белгілі бір жүйеге түрлі әсер етеді.
Фортепианода ойнаған туындыны тыңдау – психиканы гармонияға бөлейді, әрі бүйректің жұмысын қалпына келтіруге, несеп жолдарының жұмысын жақсартуға сондай-ақ қалқанша безді тазартуға пайдасы зор. Орган дыбысы ми жұмысына пайдалы.
Гитара, арфа, скрипка сынды ішекті аспаптар жүрек қан-тамырлары жұмысын қалыпқа келтіреді.
Үрмелі аспаптар тыныс жолдарының жұмысын жақсартып, өкпе мен бронхитті тазартады. Қан айналымына өте жақсы әсерін тигізеді.
Ал, барабан сынды аспаптың туындысы жүрек соғысын қалпына келтіріп, бауырдың жұмысын жақсартады.
Кез-келген музыка бұлшық еттің ширығуын босатып, белсенділікті арттырады. Ақпаратты анық әрі нақты қабылдауға әсер етеді. Ғалымдар музыканың адамның организіміне тигізер пайдасын зерттеу барысында классикалық туындылар ғажап әсер беретінін анықтады. Әсіресе Моцарт, Вивальди, Григ, Бетховен, Шуберт, Шуман, Чайковский және Дебюсси сынды ұлы композиторлардың туындыларының әсері терең зерттелуде. Моцарттың әуендері мидың жұмысын белсенді етеді әрі ақпаратты тез меңгеруге әсерін тигізеді деп есептеледі. Бетховеннің «Фиделио», Полонез Огинскийдің «Венгерлік рапсодия» сынды туындылары бас ауруын жазады деп айтылады. Ұйқысыздықтың бірден-бір емі – Чайковский мен Григаның сондай-ақ Сибелиустың пьесалары болса, Вивальдің «Жыл мезгілдері» туындысын тыңдау арқылы еске сақтау қабілетін жақсартуға болады. Бұған қоса классикалық музыка – ревматизмнің тамаша емі. Бірқатар эксперимент жүргізу барысында ғалымдар классикалық музыка тыңдаған науқастар ауруынан ертерек айыққанын аңғарған. Ұлттық нақыштағы әуендер адамның ағазасына өте жақсы әсер қалдырады. Этникалық музыка – денені босаңсытып, тынышталуға әсері мол. Ұлттық нақыштағы әуендер тарихтан сыр шертіп, ұлттық, дәстүрлі құндылықтарды терең сезінуге, ерекше қуат алуға әсерін тигізеді.
Егер Сізге қандай музыкалық туынды қалай әсер етініні білгіңіз келсе, түрлі стильдегі әуендерді тыңдау барысында қандай эмоцияға бөленетініңізді сынап көріңіз.
Аударған Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ
Материал facte.ru сайтынан алынды