«МҰЗ-2024» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қалалық ТЖД «МҰЗ-2024» республикалық акциясы аясында қала аумағында профилактикалық 110 рейд жүргізіп, 11540 ақпараттық парақша таратты және 15 қауіпсіздік белгісі орнатты.
Іс-шаралар барысында су айдындарындағы, әсіресе балық аулау кезіндегі және жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген ТЖМ мәліметінде. .
ТЖМ жұқа мұз үстінде жүру өміріңізге қауіпті болуы мүмкін екендігін еске салады.