Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгiн, 00:30 238

Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.

Асқар Таудай
Бөлісу: