Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбаттар барысында 2023 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қорытындылары, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы диалог пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, сондай-ақ 2024 жылға арналған алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.