Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ-нің мәлімдеуінше, қос елдің сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасөан. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге жан-жақты жәрдемдесуге өзара дайын екендігі білдірілді.
Министрлер сондай-ақ 2025 жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырды.