Мұрат Нұртілеу Оман Елшісін қабылдады

Бүгiн, 02:31 172

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммад Әл-Бахраниді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидидің жақында Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының қорытындыларын қанағаттанушылықпен атап өтіп, сапар аясында қол қойылған Жол картасын іске асыру үшін бар күш-жігерін салуға келісті.

Сондай-ақ қолданыстағы құрлық және теңіз маршруттарын кеңейту арқылы сауда және логистикалық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар мүдделі тараптармен логистикалық мүмкіндіктерді бірлесіп дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы келіссөздерді бастауға дайын екені айтылды. Сондай-ақ Оманның Қазақстан мен көрші елдер үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы қолдау тапты.

Асқар Таудай
Бөлісу: