Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

27 Желтоқсан 2024, 21:38 631

Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік расталды.

Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.

Перизат Саденова
Бөлісу: