Мұрат Нұртілеу Эстония Елшісін қабылдады

31 Шілде, 22:47 859

Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Эстония Республикасының Елшісі Тоомас Тирсті дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударған. 

Эстония Елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Миссияның аяқталуына орай эстондық дипломатқа екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табыс етілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: