Биыл МТҚБ Инженерлік орталығының қызметкері, архив қызметінің маманы Эльвира Жұманова өзінің алғашқы еңбек мерейтойын атап өтпек. Оның Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы жүйесінде қызмет атқарғанына 10 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Эльвира инженер, техникалық саланың маманы ретінде МТҚБ ӘҒД-ның қауіпсіздік жүйелерін басқару қызметінде жұмыс істеп жүрген ол құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындау үшін уақытша көмекке жіберілген. Бұл жұмысты соншалықты мінсіз атқарды, тіпті архивариус лауазымында бос орын пайда болған кезде оны бірден осы қызметке шақырды. Осы сәттен бастап Эльвира архив саласындағы өз орнын тапты деуге болады.
Жұмысым мінезіме сай келеді және маған өте ұнайды. Барлығы рет-ретімен болғанын, құжаттардың дұрыс сақталып, қажет кезде оңай табылуын жақсы көремін. Бұл – мен үшін мінсіз сала! Сондықтан жұмысқа әрқашан қуана келемін, – дейді Эльвира Нұғманқызы.
МТҚБ Инженерлік орталығының архив қызметі жылына 3000-ға жуық құжатты өңдеп, 30 000-ға жуық құжатты сақтайды. Архивтегі барлық құжаттар қағаз жүзінде тігіліп, тіркеліп қана қоймай, арнайы сканерленіп, электронды мұрағатқа енгізіледі.
Құжаттардың сақтау мерзімі әртүрлі:
Белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша құжаттар актіленіп, жойылады, ал маңызды құжаттар Ұлттық архивке өткізіледі. Архивте Парламент Мәжілісі мен Сенатының заң жобалары, отырыстар стенограммалары, депутаттық сауалдар мен өтініштер, қызметкерлердің жеке істері сақталады.
Жұмыс уақыты өте қызықты өтеді. Ақпарат ағыны күн сайын және тоқтаусыз жүреді, – дейді Эльвира Жұманова.
Эльвира Жұманова – 5 баланың анасы, жастар мен жаңадан келген қызметкерлердің тәлімгері, сондай-ақ кәсіпорынның корпоративтік өміріне белсенді қатысушысы.
Мұрағатшы болу үшін, ең алдымен, ұқыптылық пен тәртіпке деген сүйіспеншілік қажет. Бұл мамандыққа ЖОО-ларда арнайы оқытпайды, тек курстар бар. Дегенмен, тәжірибелі тәлімгерлер жаңадан келгендерге архив ісінің қыр-сырын үйретуге әрдайым дайын. Біздің кәсіпорында да тәлімгерлік жүйесі тұрақты түрде жұмыс істейді, – деп атап өтті МТҚБ Инженерлік орталығының архивариусы.
Осылайша Эльвира Жұманова өз ісін сүйетін, жауапкершілігі жоғары маман ретінде архив қызметін жетілдіруге, оны одан әрі дамытуға үлкен үлес қосып келеді.