Мұқағалиға тіл тигізген блогер желіге оралды

23 Қазан, 11:56 474

Мұқағали Мақатаев туралы даулы сөздерінен соң сынға қалған блогер Әлішер Теменов қарасаздықтардың талабымен әлеуметтік желідегі парақшасын жауып қойған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді ол желіге оралып, көпшіліктен кешірім сұрады. Жеке парақшасына ақын Қайнар Алагөзовтің өлеңін жариялаған.

Қатемді кешіріңдер,

Тербеткен бесігімді ел.

Ертеңге сабақ болар,

Ескіріп осы күндер

Өкпені өшіріңдер.

Сөз беремін,

Мен енді өзгеремін,

Отаным жоқ

Өзіңнен өзге менің.

Еске салсақ, бұдан бұрын желіде танымал рилсмейкер, блогер Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген еді. Оның видеосы желіде үлкен резонанс тудырып, сынға қалған. 

Кейін блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болды.

Сөйтіп ол ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұрады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: