Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, қазақ елінен кешірім сұрады

5 Қазан, 13:03 1574

Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер Әлішер Теменов жасаған қателігі үшін ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, барша қазақ елінен кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Блогер бұл сәттің видеосын Instagram-дағы Stories-те жариялады. 

Жастықтың, 25-тің буы да бар. Өзімді қойшы, әйелім, 4 айлық қызым барын да ұмытыппын. Кешегі жасаған қателігім үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын,-деп жазды ол. 

Бұдан өзге блогер ақымақтық жасағанын мойындап, Instagram, TikTok парақшаларын өшіретінін алға тартқан.

Еске салсақ, бұған дейін өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов желі парақшасында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, видео жариялаған еді. 

"Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (боқауыз сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. “Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай” дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой. Не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен үйді қашан береді деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің, – деген болатын блогер. 

Бірақ көптің ашуын тудырған видеоны автор көп ұзамай желі парақшасынан өшіріп тастады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: