«Мұны атап өту маңызды». Германия канцлері Ресей-Украина арасындағы соғыс жайлы айтты

16 Қыркүйек, 15:44 511

Қазақстанға ресми сапармен келген Германия федералдық канцлері Олаф Шольц екі ел арасындағы экономикалық байланысқа тоқталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр да, биыл да қарым-қатынасымыз жақсы өрбіді деп ойлаймын. Экономикалық байланысымыз кеңейетінін көріп отырмын. Менімен бірге экономика өкілдерінен құралған үлкен делегация келді. Біздің мақсатымыз экономикалық қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ елдеріңізге тікелей инвестиция салу, сауда айналымына мүмкіндік жасау. Әрине, біз де барлық алаңда экономикалық қарым-қатынасымызды жақсартқымыз келеді. Энергетика жағынан ынтымақтастығымыз жақсы ілгерілеп жатыр. Біз сенімді, нық, айқын, жүйелі ынтымақтастық үшін өте қуаныштымыз. Бұл көбісі үшін жақсы месседж және әлемге осындай ынтымақтастық құруға болады деген жолдау, - деді канцлер.

Сонымен қатар Олаф Шольц әлемде болып жатқан маңызды сын-қатерлерге қатысты айтты.

Біз сізбен алдымызда тұрған маңызды халықаралық сын қатерлер туралы әңгімелескенімізге қуаныштымын. Әрине бұған ең алдымен Ресейдің Украинаға қарсы соғысы және оның салдары жатады. Мұны атап өту маңызды. Ертең осы алаңда Орталық Азия елдерінің президенттерімен, барлық өкілімен кездесетініме қуаныштымын. Бұл жақсы үрдіске айналды. Мені осы кездесуге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін және ол міндетті түрде табысты болатынына сенімдімін, - деді канцлер.

Миражан Махан
Бөлісу: