Мұнай және жолаушылар тасымалы нарығындағы монополиямен күрес талқыланды

23 Ақпан 2023, 09:40 1668

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мұнай өнімдерін өндіру саласы және жолаушылар әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды. Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар заңнамадағы кемшін тұстардың есебінен билет құнының негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік беретін жолаушылар әуе тасымалы саласындағы шараларды қарастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

EL.KZ
Бөлісу: