Мұнай компанияларының жұмысы тексеріледі

6 Наурыз 2023, 11:38 1370

Бүгін Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары шеңберінде Әсет Мағауов «Лимб-2» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жұмысымен танысады.

"Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: