Мұнай-газ компаниясының жекенің қолына өтіп кеткені анықталды

25 Сәуір 2023, 09:17 953

Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бірін жекешелендіруді заңсыз деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады, - деп хабарлады Үкметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

EL.KZ
Бөлісу: