Мұнарадан мысықты құтқарған астаналық елдің алғысына бөленді

21 Сәуір 2023, 22:00 724

Астана қаласында мешіт қызметкері мұнараның үстіне шығып, кері түсе алмаған мысықты құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық ер адамның қайырымды ісі бейнеленген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Мұнараға шығып, кері түсе алмаған мысық құтқарылды. Оқырмандардың айтуынша, мысықты мешіт қызметкері түсірген, - деп жазылған бейнеролик астында.

Сондай-ақ желідегі жарияланым астында оқырмандар ер адамның әрекетіне разы болып, жылы лебіздерін білдірген.

EL.KZ
Бөлісу: