Мұхтар Жәкішевтің жаза өтеу мерзімі аяқталды

22 Мамыр 2023, 10:45 1036

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің жазасы толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2009 жылы уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айыппен ұсталып, 14 жылға сотталған болатын. Сосын 2020 жылдың наурызында  шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Сол кезде жазасының үш жыл, екі ай және 17 күні қалған. Енді кеше толық жазасы аяқталды. Шартты түрде босап шыққанда тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болды.

Жәкішев әуелі Семейде, кейін Қарағанды облысындағы Долинка елді мекенінде жазасын өтеген еді.

Айта кетейік, ол «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын 1998-2009 жылдар аралығында басқарды.

Алмас Абылай
Бөлісу: