Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Жапония» Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты

23 Желтоқсан 2022, 17:50 1551

Бұл туралы СІМ мәлім етті

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Жапония» диалогының Сыртқы істер министрлерінің 9-шы кеңесіне қатысу үшін Токиоға сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бірінші күні Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишидамен кездесуіне қатысты. Өз сөзінде М.Тілеуберді 30 жыл ішінде Қазақстан мен Жапония бірлескен күш-жігердің арқасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың даму серпінін көрсететін кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне қол жеткізе алғанын атап өтті.

Сондай-ақ, министрлер Жапонияның Орталық Азия елдерімен Достық парламенттік лигасының мүшелерімен кездесті, ол 2022 жылғы 24 қарашада Жапонияның біздің өңір мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құрылды. Бұл Лигада әр түрлі саяси партиялардың атынан шыққан Жапония Парламентінің екі палатасының депутаттары бар.

Министр М. Тілеуберді Лиганың бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі өңіраралық және жаһандық күш-жігерді шоғырландыру үшін белсенді парламентаралық және партияаралық диалогты кеңейтуге қызмет етуге шақырылғанына сенім білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: