Мұхтар Әуезов университетінің ректорына қатысты тергеу жүріп жатыр

28 Қыркүйек, 18:45 779

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды. Бұл ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сондай-ақ, ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты айта алмаймыз дейді департамент басшысының ортынбасары.

Белгілісі, күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

Санат Құлбаев, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары: “Ақпарат беріліп жатыр біздің агенттіктен, соны оқып көре берсеңіздер болады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз ашып ештеңе айта алмаймыз. Бізден басқа мекемелер де сұрап жатыр”.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: