Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

2 Тамыз, 01:02 1217

Париж Олимпиадасында жекпе-жекке шыққан боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жарыстың ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберді. Алғашқы раундта қазақ боксшысы 5:0 есебімен алға шыққан болатын. Алайда төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен грузиялық спортшыға берді.

Жекпе-жек нәтижесі бойынша төрешілер шешімімен отандасымыз 3:2 есебімен жеңілді.  

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінген болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: