Мұхаммедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

26 Мамыр, 17:30 1389

Бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан Бангкоктағы әлемдік іріктеу кезеңінде отандасымыз алғашқы кездесуін сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

63,5 келі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші кездесуінде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Кристиан Лаурентені (Филиппин) 5:0 есебімен оңай жеңді. 

Айта кетейік, жекпе-жек барысында филиппиндің боксшы ережені қайта-қайта бұзғаны үшін 2 мәрте ұпайы алынып тасталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: