Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтетін лицензиялық турнирге барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мұхамедсабыр Астанадағы спаррингтік бәсекенің финалында Дулат Бекбауовты жеңді.
Сондай-ақ турнир барысында Базарбайұлы Ертуған Зейнуллинов пен Жандос Қарабалиевті жеңді.
Осылайша, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасының жолдамасына таласу мүмкіндігіне ие болды.