Мұғалімдердің ағылшынша үйренуі: министр жоба жалғасатынын айтты

15 Тамыз 2023, 11:51 956

Үкімет отырысынан соң оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ағылшын тілін меңгеруге арналған ведомствоның бұрынғы жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер министр Ғани Бейсембаевтан «кезінде мұғалімдерді Астанадан Алматыға дейін жіберіп, ағылшынша оқытты. Қазір жоба қалды. Ақша далаға кеткен жоқ па?» деп сұрады.

Бейсембаевтың айтуынша, әлемдік үрдістен қалмай, ағылшын тілін үйрену бағытын жалғастырумыз керек. Бірақ енді оның сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөлінеді.

Қаржы далаға кетті деген сөзбен келіспеймін. Кез келген істелген жұмыс өз нәтижесін береді. Бұл жерде бір ғана дүние бар - оның қаншалықты деңгейде екендігі. Деңгейі бойынша қарастырсақ, әрине, сұрақтар бар, – деді оқу-ағарту министрі.

Миражан Махан
Бөлісу: