Моноқалалардағы халықтың 50 пайызы басқа жаққа көшіп кетті. Депутат дабыл қақты

3 Мамыр 2023, 11:24 745

Моноқалалардағы халықтың 50 пайызы басқа өңірлерге көшіп жатыр. Бұған себеп өңірлердегі халыққа қолайлы жағдайдың жасалмауы. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда 27 моноқала бар және оларда 1,4 миллион адам тұрады. Депутаттың айтуынша, өңірлердің көбісінде шешілмеген мәселелер аз емес. Олардың негізгілері – тұратын жерінен көшіп кету, халық санының азаюы, жоғары жұмыссыздық деңгейі, инженерлік, көлік инфрақұрылымның тозуы және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен төмен материалдық-техникалық қамтылуы. 

Екібастұз, Кентау және Арқалық қалаларында су желілері, канализациялық, жылу және электрмен жабдықтау жүйелердің тозу мөлшері 85% астамды құрайды. Арқалықта жолдардың 80% артығы қанағаттандырылықсыз жағдайда, ал бала өлімі көрсеткішінің өсуі 2022 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда 40% артқан. Оның негізгі себептері – медицина кадрларының тапшылығы мен денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмендігі. Нәтижесінде халықтың 50 %-дан астамы басқа өңірлерге көшіп кетуге мәжбүр болды, - дейді депутат.

Ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктер Алтай, Балқаш, Жаңатас, Қаратау, Лисаковск, Риддер, Серебрянск, Степногорск және Арқалық сияқты 10 қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлегенін атап өтті. Дегенмен ол жаспарларды Үкімет әлі бекіткен жоқ. Яғни, 2023 жылдан бастап іске асырылуы тиіс кешенді жоспарлар әлі орындалмай отырғанын айтты. 

Жоспарларды уақтылы қабылдау шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашумен өңірге өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайтуға және жеке инвестициялар тартуға, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінде қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ халықты орталықтандырылған сумен қамтуды жақсартуға, халықтың кетуін азайтып қана қоймай көшіп кеткендердің қайта оралуы үшін жағдай жасауға мүмкіндіктер береді деп болжануда», -деп түсіндірді Берік Бейсенғалиев.

 Кешенді жоспарлар жобаларын Үкіметтің бекітуін жеделдету және оны іске асыруға кірісу қажет екеніне тоқталды.

Миражан Махан
Бөлісу: