Моңғолияда үш мыңнан астам адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Бүгiн, 12:52 147

Моңғолияның астанасы Ұлан-Баторда үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен ірі ереуіл өтті. Ереуілге қатысушылар билікті көптеген мәселелерді шешуге қауқарсыз деп айыптады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылдың 11 қаңтарында орталық алаңға жиналған үш мың адам сыбайлас жемқорлықпен күрес, жолдардағы кептеліс пен ауаның ластануын азайту, сондай-ақ салықты төмендету бойынша шаралар қабылдауды талап еткен.

Митингке байланысты алаң арқылы өтетін 15 автобус бағытының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: