Монетизация үшін қандай әлеуметтік желілер қолайлы?: Мамандар жауап берді

28 Сәуір 2023, 11:00 1728

Қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымында «Монетизация. Неге бәрі мұз?» тақырыбы аясында панельдік пікірталас өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында модератор, PR саласының маманы Ербол Азанбек «монетизация үшін қандай әлеуметтік желілер қолайлы?» деп сұрақ қойды.

 «Адырна» ұлттық порталының жетекшісі Арман Әубәкір өз мысалында жауап берді.

 Кез келген сайтты ілгерілету үшін ең алдымен әлеуметтік желілерді қолдану қажет. Тек қана бір желіге көңіл бөлмей, барлық әлеуметтік желіні қатар жүргізу керек. Біз де әу баста «Адырна» ұлттық порталын ашқанда, алдымен әлеуметтік желілерге көңіл бөлдік. Оның жемісін уақыт өте келе жеп жатырмыз, - деді ол.

Арман Әубәкір сайт ашқан кезде қаржының басым бөлігін әлеуметтік желілерді дамытуға бөлгенін айтты.

Сайтты дамыту үшін белгілі бір стратегиялар қажет деп ойлаймын. Уақыт өткен сайын ол да өзгеріп отырады. Мәселен, қазір Вконтакте  желісіне бастапқыдай қатты сұраныс жоқ. Оның орнына Facebook желісін қолданушылар саны көп, - деді «Адырна» ұлттық порталының жетекшісі.

Ал ulysmedia.kz негізін қалаушы, бас редакторы Самал Ибраева монетизация үшін телеграм желісі қолайлы деп есептейді.

Қазір бізде Instagram, Telegram, Tik-tok желілері монетизацияланған. Ол әлеуметтік желілерді тек трафик үшін қолданамыз. Бізде телеграмға деген сұраныс өте жоғары, - деді Самат Ибраева.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: