Мөлдірдің алтыны

31 Қазан 2023, 17:50 720

Қазақ қызы алғаш рет каратэден әлем чемпионы атанды.

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан біріншілікте Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейін салмақта топ жарып, алтын алқа тақты.

Ол финалда италиялық каратэші Эрминия Перфеттоны жеңді.

Қазақстан тарихында дәл осы спорт түрінен ересектер арасында мұндай жетістік болмаған.

Мөлдірдің өзі болса жеңіс жолына дейінгі сәтті былай бейнелеген.

EL.KZ
Бөлісу: