Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова орамал тағып жүретіндіктен де ұйымдастырушылар өзін концерттерге көп шақыра бермейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.
Оқи отырыңыз:
Мені орамалмен көп концертке қатыстырмайды. Бұл дүниеде жалаңаш дененің абыройы орамал мен шын таланттан биік. Есесіне ең сапалы музыканттар мені қалдырмайды. Ұйымдастырушылар менің сахнамды алғанымен, халқымның махаббатын ала алмайды, - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Бұған дейін «КешYOU» тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова не себепті орамал тағып, намазға жығылғанын айтқан болатын.