Мұсылмандық салт бойынша сүйіктісімен некесін қиған отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram-дағы stories бөлімінде мешітте некесін қиған сәттен видео жариялады.
101 раушан гүлі дейікші. Жеңіл болсын, - дейді Айжұлдыз кадрда.
Блогердің сөзінше, оның не қалайтынын молда да түсінбей қалған.
Неге алтын, үй, машина емес деп, молда түсінбей қалды, - деп жазды актриса stories-те.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың таңдауы мобилограф Сәкен Қағаровқа түскен.