«Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах қай ойыншылармен бір клубта ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мысырлық футболшы Лионель Месси («Интер Майами»), Криштиану Роналду («Әл-Наср») және Кевин Де Брёйне («Манчестер Сити») секілді аяқдоп шеберлерімен бір клубта өнер көрсеткісі келетінін алға тартты.
Кіммен бір командада ойнағым келеді деген сауалға тоқтасам, әрине, Месси немесе Роналду. Ал АПЛ-дан беруді таңда десем, онда Де Брёйне. Ол алаңды жақсы көреді, оның мені алаңның кез келген жерінен тауып, сәтті пас бере алатынына сенімдімін.
Жалпы алғанда, Месси, Роналду, сонан соң Кевин. Керемет ойыншы, «Манчестер Сиитидің» барлық футболшысы ғажайып қой. Бірақ мен бұл туралы ойламаймын, өз өнерімді көрсетуге ғана тырысамын, – деді Салах Sky Sports-тің YouTube-арнасына берген сұхбатында.