Мобильді аударым - 255 мың теңге. Жеке кәсіпкерлерді қалай тексереді

6 Наурыз, 15:47 983

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдары қандай жағдайда тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші белгі, жеке кәсіпкердің шотына бір ай ішінде әртүрлі тұлғалардан 100 төлемнің түсуі. Екінші белгі, егер мұндай төлемдер жүйелі болса, ай сайын әр түрлі адамдардан үш ай қатарынан 100 аударым алады, мысалы, қаңтар, ақпан, наурыз. Ал үшінші белгі – 3 айдағы осы төлемдердің жалпы сомасы 255 мың теңгені құраса тексеріс басталады, - деді вице-министр.

Егер үш айдың ішінде бір ай бойы ақша аударылмаса, тексерулер болмайды.

Кәсіпкерлердің жеке шотына үш айда 255 мың теңгеден аса мобильді аударым жасалса, фискалдық қызметкерлерге жауап береді. Егер барлық аударымдар сомасы 255 мың теңгеден асса, салықтық бақылауға алып, түсініктеме беруі үшін хабарлама жібереміз. Біз салықты төмендетеміз, айыппұл салмаймыз, одан түсініктеме сұраймыз, бар болғаны осы, - деді Біржанов.

Вице-министр Ержан Біржанов айтуынша, туысқандардың арасында бір-бірімен ақша аудару сомасында қандайда бір шектеу жоқ. Бұл кәсіпкерлік ретінде қаралмайды.

Тек қана үш ай бойы 100 адамнан әртүрлі төлем алынса, сол критерийлер бойынша қарастыра аламыз. Сол себепті, мұндай тексерулер болмайды, – деді Ержан Біржанов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: