«Миы шайқалған». Студентті соққыға жыққан халық әртісі сотталды

26 Тамыз, 16:35 1341

Қырғыз Республикасының халық әртісі, балетмейстер Ақан Нұртазин балет мектебінің студентін ұрып тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Студенттің айтуынша, оқиға 2023 жылғы 15 мамырда училищенің ғимаратында болған. 

Оқиға Бішкек хореографиялық училищесінің директорының қабылдау бөлмесінде болды. Ол мен отырған кабинетке кіріп, ұра бастады. Содан миым шайқалып, арыз жаздым. ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Миым шайқалғандықтан емтихандарды тапсыра алмай, тіпті оқудан шығып кеттім, - дейді студент.

Бірінші Май аудандық соты Ақан Нұртазинді кінәлі деп тауып, оны бір жылға бас бостандығынан айырған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: