«Миттал мен журналист әңгімелесті»: АМТ ақпаратты жоққа шығарды

1 Қараша 2023, 21:04 925

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Митталдың ашық әңгімесі» деп аталған хабарлама тарады. Бұл туралы stopfake.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәтінде бұл Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының ортақ иеленушісінің журналистпен «әңгімелесуінен үзінді» деп жазылған.

АМТ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Таралған хабарлама шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Желіден іздегенде «әңгімелесуден үзінді» әлеуметтік желілерде пост түрінде ғана шыққаны анықталды. Басқа дереккөздерде – ресми сайттарда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында Лакшми Митталдың осы немесе Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан кейін берген басқа сұхбаттары туралы жазылмаған.

Берік Арманов
Бөлісу: